Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Мақалалар » Домбыраның қурамы

Домбыра ғасырлар бойыт өзінің құрылымын сақтап келеді. Халық шеберлері үнемі оның даусын ұлғайтуға тырысады. Мысалға, орталық Қазақстанның домбырасы тегіс шанағы және оның екі ішегі бар. Қалыпты, әдеттегі домбыра доғал шанақты, суретте көрсетілген. Төменде домбыраның бөлшектері берілген.

Шанақ-домбыраның артқы бауыры. Дыбыс шығару қызметін атқарады.

Қақпақ-домбыраның беті. Ішектердің тербелісі арқылы қақпаққа дыбыс барады. Дыбысты ұлғайтып, өзіндік тембрін береді.

Қақпақ астындағы ағаш-қақпақ астындағы ұзын жіңішке ағаш, немісше «der bassbalken» деп аталады. Қазақтың домбырасында ондай бөлшек бұрын болмаған. Скрипканың ағашының ұзындығы 250-270-295 мм. Домбырада дыбысының жақсы шығуы үшін 250-300 мм болады.Сауыттың жоғарғы жағында және қорғанның астында бекітіледі. Әдетте ол ескірмеген, шірімеген шырша ағашынан жасалады.

Обечайкілер-үйіңкіден жасалады. Үйіңкінің қалыңдығына байланысты 1-1,2 мм қалыңдықты құрайтын сапада жасалуы тиіс.

Тіреуіш-домбыраның өте жауапты жұмыстық элементтерінің бірі. Ішектің тербелісін қақпаққа бере отырып және ішек тербелісін тарату жолында бірінші шанаққа жаңғырық тудыра отырып, тіреуіш домбыра үнінің негізгі кілті болып табылады. Оның сапасы, пішіні, салмағы және бұрауына байланысты аспаптың дыбысталу тембрі, күші, тепе теңдігінін береді.

Ішек-домбыраның дыбыс тербелісінің көзі. Дәстүр бойынша домбыраға қойдың және ешкінің ішектерінен тағылған. Екі жасар  қойдың ішегінен жасалған ішек ең сапалы деп саналған. Мұндай ішектер халық музыкасына тән төменгі дыбыс, төменгі бұрау береді:  G-c, A-d, B-es, H-e. Қазақсатанның аймақтарының ішінен Атырау мен Маңғыстау қойларына жақсы баға берілген. Себебі, осы аймақтардағы тұзды жайылым қойдың ішегінінің сапасына жақсы әсер етеді. Дүниежүзілік классикалық оркестрлік шығармалары үшін бұр бұраулар ыңғайсыз болды. Сондықтанда, Дүниежүзілік классикалық оркестрлік шығармалары үшін бұр бұраулар ыңғайсыз болды. Сондықтанда, 30-жылдары халық аспаптары оркестрін құру кезінде соль-ре бұрауы таңдап алынды. Бірақта бұл ішектер оған шыдамай, үзіліп кете берген. А.Жұбанов көптеген жібек, капрондар т.б. ішектердің түрлерін пайдаланып көрді. Бірақ, дыбысталуы бойынша ең лайықтысы кәдімгі балық аулайтын кесек жіп болып табылды.
Пйдаланған әдебиет: Нәжмеденов Жұмағали. Қазақ домбырасының акустикалық ерекшеліктері. Ақтөбе, 2003 ж.

Пайдаланған әдебиет: Нәжмеденов Жұмағали. Қазақ домбырасының акустикалық ерекшеліктері. Ақтөбе, 2003 ж.

вернуться к списку статей