Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Мақалалар » Электро домбыра

Электродомбыра


Электродомбыра-жаңа аспап. Ең алғаш 2010 жылы Қазақстанда ойлап тауып, әлемге танытқан этникалық қазақ Тойшы Нұржан.

Тойшы Н.Т. мен Кубеков Мұрат және Алматыдағы консерваторияның шеберлерінің ойлап тапқан тәжірибелік түрі:

Бұл аспапта қазақтың акустикалық домбырасының сыртқы көрінісі, классикалық тембрі қайталанады. Негізгі материалы ағаш пен нейлон, бірақ электродомбыра ағаштан жасалған, ішектерінің диаметрі бірдей, темірмен оралған. Қазіргі заманғы электрогитараның дыбыс қабылдағыш аппараттарымен жабдықталған.
 

Сәтсіз жасалған Алматыдағы түрлері:

 

 

Электрогитарада қаншалықты вариациялық орындаулар болса, соншалықты электродомбырада да бар. Бұл әуелі бас, ритм және соло.

 

Соло домбыра. Өндірілген жері Шамрай, Мәскеу, Ресей.

 

Ритм  домбыра. Өндірілген жері Шамрай, Мәскеу, Ресей.

 

Бас домбыра. Өндірілген жері Шамрай, Мәскеу, Ресей.

Электрогитарадан айырмашылығы.


1.    Сыртқы көрінісі.
2.    Гитарадағы алты оралған және оралмаған ішектерінің орнына екі оралған ішек болады.
3.    Ұзындығы, мойнының қалыңдығы немесе жуандығы.
4.    Домбыра мойнында ойнағанда бес саусақтың баріде қолданылады, ал  гитарада төрт саусақ қолданылады.
5.    Ладтарының әртүрлілігі.
6.    Домбырада  әуен диапазоны гитараға қарағанда аз, әрі октавасы да аз болып келеді.

 

Акустикалық домбырадан айырмашылығы.

1.    Орындаушылығы акустикалық емес.
2.    Нейлон ішектің орнына оралған метал ішектер.
3.    Дыбыс қабылдағыш аппараттарының болуы.

Аспаптың өзіндік мақсаты.

Әуенді акустикалық домбырада ойнағанда қатты және тиянақты түрде жеткізу. Көне аспаптың  қазіргі дысыталуын көрсету үшін электрогитараның электрондық аспаптарының көмегімен әуенді өзгерту (квакер, овердрайв, дисторшен).

Домбырада ойнауды қайдан үйренуге болады?

Қазақстандағы әрбір музыкалық колледждер мен жоғарғы музыкалық оқу орындарынан үйренуге болады. БҰҰ-да ұстаздар, жеке меншік үйірмелерден, этноорталықтардан. Әлемде-тек қана жеке оқытушылардан. Алдаспан тобы жаңадан домбыра үйретудің видеокурсын дайындауда.

Электродомбыраны қайдан алуға болады?

Мәскеудегі Шамрай электрогитара өндіретін цехта. Тойшы Нұржан-олардың Қазақстандағы жаңа таныстырушысы. Бағасы тапсырысқа байланысты. Орташа бағамен 2000-2500$.

Вернуться к списку статей