Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Ұлы көш альбомын алыңыз!!!

Тегін алатын сілтеме:

http://aldaspan.com/kz/shop/albums/33.html

http://aldaspan.com/kz/files/190.html

Алдаспан тобынан Ұлы Көш альбомына арналған аннотация

Бұл альбомымізбен біз әлемге түркі тілдердің тобына кіретін қазақ тілдің рокқа келетіндігін дәлелдегіміз келіп еді. Рокқа кысқа сөзді тілдер ғана жарасатынын білеміз. Сол тілдердің арасында басым болған Герман тілдер бар мысалы. Қазақ тіліде сол тілдер сияқты рокқа жарасады. Ұзын сөзді тілдермен рок айту қиынға салады, оны мамандар біледі.

Екіншіден, соло, бас және ритм домбыраны дүниеге әкелгеннен кейін біз ары қарай сол аспаптардың мүмкіншіліктерін көрсеткіміз келді. Есіткен адам қазақ рокта енді гитарадан гөрі электродомбыраны пайдаланған  тиімді екененін біледі.  2 шекті домбыра қалайда 6 шекті гитрарадан кем емес. Оны Мақсат Хасановтың соло партияларынан байқауға болады.

Үшіншіден, дәстүрлі әдістерді қолданған кейін біз өз тобымызға ерекше біраз жаңа дыбыстарды және стильді тән қылдық. Оны тыңдармандар «Ел дастан» және «Ұлы көш» өлеңдерден байқаса болады.

Төртіншіден, заманауи қазақ тілді орындаушылардан тыңдармандар патриоттық әндерді талап етеді. Біз де сахнаға қазақ тілді репертуармен шақаннан кейін отаншылдық тақырыптарды әндермен көрсетпей адамдардың көңілінен шықпайтын сияқты болдық. «Ұлы көш», «Ел дастан» әндері сол саладан алынған туындылар еді. Еске сала кетсек, алғашқы альбомымызда «Алдаспан» дейтін әніміз де патриоттық шығарма еді.

Бесіншіден, біз Виктор Цойдың шығармашылығына еліктеп мұңы бар әндерді шығарғымыз келіп еді, сол әндердің біреусі-«Бір елу» атты ән. Сол экспириментті тыңдармандарымыз бағалай ма екен деген алаңдаудамыз...

Алтыншыдан, «Белес» деген халық әнін хард рокқа мажорлы әуен ретінде еңгізіп едік. Кәдімгідей адамдарды шабыттандыратын халық мажорлы әндердің потенциалы бар екенін концерттерден байқаған едік, сол себеппен домбыраның үнімен әшекейлеп ерекше стильді көрсеттік деп ойлаймыз.

Жалпы айтқанда қолдан келгенше осы альбомды жеңіл болсын деп шығарған едік, дегенмен бәрі бір альбом ауыр болған сияқты. Солай болсада әдемі әуендердмен ауырлықтың әсерінен қутылып кеткен сияқтымыз. Поп музыканы тыңдайтын адамдарды осы альбоммен өзіміздің шығармашалыққа тартқымыз келді, сол себеппен де синтезді дыбыстарды мол қолдандық. Қалай болғанын енді халықтан білеміз деген үміттеміз.

«Ұлы көш» альбомын тамашалауға шақырамыз!