Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Топ мүшелері

  • Nurzhan
  • Shama
  • Вакансия
  • Max
  • Dulat

Басы (1988-2009)
Барлығы  неден басталды?


80 ші жылдардың соңы... Нұржан Тойшы (сол кездері ол – Тойшиев Нұржан) Алматы қаласының  № 120 орта мектепте оқып жүргенде, оны ауыр рок өте қатты қызықтырды.
Ол Джеймс Хэтфилдтің, Керри Кингтің, Макс Кавалердің және басқалардың ырғағын тыңдай келе, солардың шығармаларынан қуат алып, түркі-қыпшақ шығармалары мен қазақ күйлерінің ырғағы мен аккордтарына жақын келетінін байқады.(Күй-сөзсіз жүретін дәстүрлі музыкалық шығарма, 1,5-5 мин аралығында жүреді.
Бұл ой Қазақстандағы Алматы қаласының музыкалық Жұбанов атындағы мектеп пен домбырашылардың музыкалық үйірме кезінен белгілі болды.
Сол жылдары Нұржан электро домбыраны жасауға және дайын шығармаларды ойнауға болатын ойын мектептегі кейбір достарына айтатын. Бірақ ол ойын ешкім құптамады. Себебі, орыс мектебінде домбыра көп ойналмаған. Ал сонда оқыған көптеген қазақтар тіл мен мәдениетпен қоса бүкіл ұлтынан алшақ болған.
Бірақ, ол кездері аспаптың, оған керекті бөлшектердің, кемел аспап жасап беретін шеберханалардың жоқтығынан бұл идея болашақтың еншісіне қалды.
Сонымен 21 жыл өтті. 2009 жыл да келіп жетті. Бұл уақытта Кеңес одағы құлдырап,  сауда жүрісі мен жаханданудың жаңа кезеңдерінде жастық шақ арманын іске асыруға мүмкіндік туды.
Нұржан Мәскеу қаласынан аспапқа кажетті электронды бөлшектерді тауып, Қазақстандағы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық консерваториясындағы домбыра және акустикалық аспаптар жасайтын шеберхананың жұмысшысы, шебері Кубеков Мұрат мырзамен идеямен бөлісіп, электродомбыраларды жасауды ұсынды.
2009 жылдың қарашасында жұмыс басталып, 2010 жылдың жазында олар бірлесе отырып үш аспап жасап бітіреді. Дегенмен, бір ғана аспап сәтті шығады, бірақ бұл аспаптың мойын пернелерінің ноталық жүйесінің дұрыстығы, және көптеген жетіспейтін жерлері кездесті.Домбыраның дауысын тыңдай келе, оған тағылған диаметрі бірдей оралған екі ішектің тембрі кәдімгі домбыраның тембрінен сәл ғана ауытқыды, яғни, акустикалық домбыраның дауысына алде қайда ұқсас болды. Бұл тембр домбыраның дауысын бергенмен қатар, дыбысы көлемді әрі қуатты болды! Ал, олар домбыраның үнін толықтай жоғалтып, 100% гитараның дыбысына ұқсап кетуіне қорықты.


Бұл тәжірибе Нұржанды қуаттандырды. Және де Мұрат аға шын ниетпен алғысын білдіреді. Аспаптың  жасау барысындағы қиындықтарынан кейін, Нұржан Қазақстанда электродомбыраны кәсіби түрде жасайтын шеберханалар мен шеберлердің жоқтығына көзі жетіп, тағы да Мәскеуге жол тартуға тура келді.
Сонымен, Нұржан топтың стиліне байланысты, электродомбыраның электрогитараның жасалу технологиясы бірдей екеніне көзі жетеді. Шамрай шеберханасындағы жігіттерге барып, барлық мән-жайды түсіндірді. Оларды бұл идея қатты қызықтырғаны және ұсынысты қабылдауы Нұржанды қатты қуандырды. Бұл кездесу мен талқылау 4 сағатқа созылды. Ұсыныс 2010 жылдың қазақ айында берілді.
Мәскеудегі Шамрай шеберханасы 2011 жылдың ақпанында 3 домбыра жасап шығарды.
Еш кідірместен Нұржан ауыр рок стилін таңдады. Себебі, әлемге домбыраны көрсету үшін осы стилді ғана ұстану жақсы мүмкіншілік еді. Айырмашылығы, электрогитараның (соло, ритм, бас) орнына электродомбыра (соло, ритм, бас) ғана еді.

Электрогитарамен әлемде ешкімді танқалдыра алмаймыз, дүние жүзінде ауыр рок ойнайтын саны көп сапасы жоқ топтар өте көп, мықты топтар аз. Ал, электродомбыраға келсек – барі керісінше:


1.    Бұл аспап, электро нұсқалы, 21 ғасырда әлемде алғаш рет.
2.    Қазақстанда әлемге танымал емес кәсіби домбырашылар бар. Олардың әлем сахнасына шығатын деңгейі бар.


Осылайша музыкалық қатарда барі түсінікті болды. Ендігі кезекте топқа ұрмалы аспапта ойнайтын адам керек болды, оған Нұржанның өзі отырды. Және де топты басқару, әнші ретінде өзі қолға алды. Айта кетерлік, ұрмалы аспапта ойнайтын әншілер бар. Соның ішінде Фил Коллинз, әнші Иглз, Креатор тобының  ұрмалы аспапта ойнайтын әншісі және т.б. Жалпы бұл домбыра тобындағы ұрмалы аспаптың партиясын кез келген рокты білетін адам ойнай алады.
Мәтіндердің әскери, ерлік, жауынгерлік тақырыбында болатыны алғашқы күндерде-ақ белгілі болды. Оның ішінде, соғыс дыбыстары, батырлардың ерлік пен намысты жырлайтын ежелгі түрк эпостары кіреді. Евразия континентіндегі бүкіл қыпшық мәдениетін қалыптастырған Шыңғыс хан империясының жауынгерлерін және оның ұрпақтарының тарихын еске түсірсекте жеткілікті.
Бұның барі топтың атын aldaspan деп атауға итермеледі. Мағынасы ауыр қылыш (сауытты жауынгерлерді жоюға арналған)

Мақсат Хасановтың келуі.


2010 жылдың жазында Нұржан шыдамастан өзінің жобасы жайында меценат, іскер, Нұржанның жұмыс орын мекемесін жалға беруші Ізбасар Бузаевқа айтады. Ізбасар бұл жобаның кереметтілігі мен электродомбыраның дыбысына қатты таң қалып, тәнті болды. Алматыдағы өз мекемесінен осы жобаның дайындығын өткізетін арнайы орын тауып береді. Одан бөлек ол Нұржанға моральдық көмек берумен қатар, қазақ эстрадасының көптеген музыканттары мен сазгерлерімен таныстырады. Нұржан ең бірінші Ізбасардан осы жобаға кәсіби домбырашы тауып беруін өтінді. Алғаш болып Ізбасар Бузаевтың  шақыруымен Мұрагер келді. Мұрагер – Қазақстандағы танымал домбырашы. Айтқандай ол солақай. Ол 2010 жылдың жазында аспаптарды бас көтермей 20 минуттай ойнап көрді. Ол саусақтарындағы темір ішектен қалған іздерін өшіре тұрып, өзінің қатты таң қалғанын білдірді. Ол топтың жоспарына қатты қызықты, бірақ өкінішке орай ол бұл кезде  Астана қаласындағы Қазақстанның СІМ-не жұмысқа кірген болатын. Сол себептен Нұржан мен оның тобына қосыла алмады. Бірақ Мұрагер Нұржанға әб-сәтте өзінің досы Мақсат Хасановты таныстырады. Ол бұл жобаға бірден келісімін береді. Ол  кездері Мақсат ҚР Қазақ Ұлттық Консерваториясының домбырадағы жалғыз жеке ойнушы (солист) еді. Ол 2010 жылдың  күз айы болатын. Нұржан мен Мақсат Мәскеудегі домбыралар дайын болғанша жарты жылдай өздері дайындалып демо нұсқаларды жазып жүрді. Оған дейін Мақсат домбырашы ретінде консерваторияның оркестрімен Германияға, БАЭ, ҚР жеке орындаушылар байқауларының жүлдегері. Шетел аралап көрермендерді байқаған Мақсат, Алдаспан тобына сенімі мол болды.

Бахытжан Желдербаевтың келуі


Электродомбыралар Мәскеуден келген бойда Мақсат топқа консерваториядағы достарын шақырды. Ритм домбыраға Бахытжан Желдербаев келді. Ол да консерваториядағы алдыңғы қатарлы домбырашы әрі перкуссионшы, Германия мен БАЭ мемлекеттерінде сапарда болған. Қысқасы Бахытжан да басқалары секілді домбыраның үнінен үлкен әсер алды. Тез арада топ мүшесі болды.

Шамшаддин Омаровтың келуі


Бахытжанмен бірге бас домбырашы ретінде Жанел шақырылған еді. Ол да Мақсаттың досы еді. Ол да аспаптардан әсер алып тез арада топпен бірге бас домбырашы ретінде жұмыс жасауға кірісті. Ол сол кезге дейін бірнеше байқаулардың жеңімпазы және алдыңғы қатарлы бас домбырашы болатын. Оның басдомбырада орындауы  керемет еді... Бірақ топ мүшелерінің араларында түсінбеушілік жағдай болды. Демо нұсқаларды жазу барысында Мақсаттың бас домбыра партияларына дөрекі сындарынан кейін, Жанел көңілсіз жағдайға қалып, Мақсатпен топтан тыс дос болып қалуды шешті. Ол оның шешімі еді. Оның орнына Бахытжанның досы Дәурен келеді. Бұл топқа таң қалып рок стилінде ойнауға келіседі. Бірақ келесі күні-ақ өз ойынан айнып, бұдан жеңіл музыка бағытын қалайды. Оған дейін Дәурен басқа топқа шақырылған болатын. Ол топпен жұмыс жасау оның бұрынғы шешімі болса керек. Милары ашыған Алдаспаншылар не істерін білмеді. Бас домбыраға міндетті түрде басдомбыра маманын шақыру Мақсаттың ойы болатын. Бірақ Нұржан әу баста-ақ бас домбыраға кәдімгі домбырашыны шақыруды ұсынып, жай домбырашыдан бас домбырашыны шығаруды айтқан болатын. Солай-ақ болды. Достарымен бірге топта бірге жұмыс жасауды қалаған Шамшаддин шақырылды. Мақсатпен бірге бір  бөлмеде тұрған Шамшаддин топ жаңалықтарынан хабардар еді. Оның үстіне оған топ идеясы, жанры және жаңа аспаптар қатты ұнайтын еді.  Сонымен репертуар мен үнтаспа материалдарына қызу жұмыс басталып кетті.

Бахытжан Желдербаевтың кетуі.

Отбасымен Астанаға көшкенінің себебебімен Бахытжан топтан 2015 жылы шығады.

Дулат Жақсылықтың келуі.

Кастингтен өтіп Бахытжанның орнына Дулат 2015 жылы келеді

Руслан Алписовтың келуі.

2015 жылы Нұржан Тойшы ұрмалыдан әншілікке көшкеніне байланысты ұрмалыға Зарраза тобының ұрмалыда ойнайтын Руслан Алписовты шақырады. Енді топта бес мүше болады.