Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Важно знать

Алдаспан-үлкен қылыш, қылыштың сабынан басына қарай пішіні қалыңдай береді. Салмағына және көлеміне қарай қыны болмайды. Жаугершілік заманда атты әскерлердің сауыт киімдерін сындыру мақсатында қолданылған. Көбінесе, ортағасыр суретшілерінің көшпенді батыр туралы суреттерінде жиі бейнеленген.

 

Домбыра-бұл ішекті музыкалық 4000 жылғы тарихы бар халық аспабы. Қазақ, башқұрт, ноғай, өзбек, қарақалпақ елдерінде қолданылады. Ұқсас аспаптар түрік, тәжік, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, монғол халықтарында кездеседі. Бұл аспаптың негізгі тараған жері-Орта Азия және Еуразия континентіндегі Қазақстан.

Домбыра музыкасы-көшпенді жауынгерлердің музыкасы, биге арналмаған. Домбыра музыкасын түсіну үшін түрік елдерінің арасындағы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының музыкасы деп қарауға болады. Бұл аспап Марко Полоның еңбектерін еске түсіреді. Сондай-ақ тұрмыста және соғыс алдында жауынгерлерді жігерлендіру үшін қолданылған. Домбырада 5 саусақ түгелімен қолданылса гитарада 4 саусақ қолданылады.

Күй - 1,5-4 минут аралығында созылатын аспаптық шығарма. Барлық түркі елінің мәдениетінде, оның ішінде қазақ, қырғыз мәдениетінде кездеседі. Әр-түрлі халық аспаптарында (ысқышты, үрмелі және ішекті) орындалады. Көп жағдайда күй ішекті аспапта орындалады. Мәселен, қазақтар домбырада, қырғыздар қомузда орындайды. Қазақ мәдениетінде 20-ғасырда күйді хордың орындауымен тәжірибе жасалған.

Пьезаэлементті электродомбыра – нейлон ішектері бар акустикалық аспап. Оның алғаш жобасын кім келтіргені әлі белгісіз. Қазақ эстрадасында кеңінен қолданылады.

Электродомбыра – акустикалық емес электраспап, электро гитараның бөлшектерінен, темір ішектен құралған аспап.  1988 жылы алғаш ойлап тапқан Нұржан Тойшы, 2010 жылы Кубеков Мұраттың көмегімен тәжірибе ретінде жасалып шығарылды. (М.Кубеков Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория шебері) 2011 жылы Мәскеудегі (Ресей) Шамрай компаниясының  көмегімен электродомбыраның (соло, ритм, бас) турлері жасалып шығарылды.

Біздің ой-пікіріміз бойынша: домбыра музыкасы және барлық түркі-қыпшақ ауыз фольклоры диско жанрында емес, рок жанрында жақсы естіліп танылады, таратылады.