Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин
Академиялық негіз

Академиялық негіз

Сәлем!

Электродомбыралардың шығуы Қазақстан мәдениетінде өз орнын табуына көзіміз жетіп келеді: Құрманғазы атындағы консерватория Мақсат Хасановтың магистрлік диссертациясында осы құбылыс жайлы тақырыпты бекіткен болыпты! Мақаласы қазақ тілінде, кейін басқа тілдерге де аударармыз.

Сәуір айында Мақсат консервторияда ұсыну сабағын өткізбек. Біз оны бейне камераға түсіріп сайтқа еңгізерміз.

Мақсаттың мақаласына сілтеме: http://aldaspan.com/kz/articles/231.nauchnaya_st.html

Сонымен қатар П.И. Чайковский атындағы коледж ғылыми шығармашылық конференциясын өткізген еді, сонда мұғалім Айман Ақбаева өз зерттеуін ұсынған еді. Сол жұмыс бірінші орынға тап болыпты. Оның бейнесі бар және жуырда сайтымызға салармыз оны!

Музыка саласындағы ғылым қауымының көзіне түскеніміз үшін шексіз қуанамыз!