Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин
Алдаспан тобының күндері қалай

Алдаспан тобының күндері қалай өтіп жатыр?

Сәлем!

1. Жаңа қазақша альбомды дайындап жатырмыз. Қазақстан атты сол альбомға кіретін өлеңді теледидардан тамашалаған шығарсыз: Ел Арна, Білім, Мәдениет арналардан көрсеткен еді! Альбомға сегіз шығарма кіреді бұйырса.

2.Ел Дастан атты өлеңге бейне баян түсіргелі жатырмыз, ол олеңді былтыр шыққан Ұлы Көш альбомынан табасыз. Өлеңді төрт минутқа сидыру үшін шамалы өзгерттік. 

3. Орыс альбомын да шығарып жатырмыз. Оған да кем дегенде 8 трэк кірсін деген ойымыз бар.

4. Тенгри ФМ радиосына мың да бір рахмет айтқымыз келеді. Солардың студиясын жұмысымызға емін еркін пайдаланғанымызға өмір бойы қарыздары болып өтетін шығармыз. Тек сол радиоға емес, бүкіл Алаш Медиа холдингке рахметімізді айтамыз! Барлық ұлттық арналарға да рахмет айтамыз! Біздің топқа бағасы жоқ қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқымыз келеді!

5. Сіздердің тілеулеріңіздің арқасында жуырда сол альбомдарды шығарамыз деген үміт бар!

6. Бахытжан орыс альбомда урмалыда ойнайды бұйырса...Қызықтырған шығармыз сізді?

Аман сау болыңыздар!