Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин
Жаңа күйтабақ!

Жаңа күйтабақ!

 

Назарыңызға Алдаспан тобының “AIMVI production center”  студиясында жазылған Балқадиша атты жетінші күйтабағын ұсынамыз! Осы күйтабаққа кірген шығармаларымыз 1987 жылы пайда болған идеяға негізделініп енді осы 2018 жылы ғана шығып отыр. Бұл жұмысымыз ерекше шабытпен жүректен шыққан сезіммен шыққан еді, қабыл етіңіздер.

Осы альбомға Шамшаддин Омаров және бұрыңғы Алдаспан тобының домбырашысы Бақытжан Желдербаев жазған Нала атты әні кірді. Аранжировкасын жасаған Бақытжан ал басқа әндердің аранжировкасын топтың өзі жасады.

Осы альбомға Жан Кастеев, «The spirit of tengri» фестивалінің бас продюсері, ұсынған  «Ескендірдің екі мүйізі» деген әнде кірді. Бұл әннің әуенін жазған аты шыққан Үркер тобының бұрыңғы мүшесі Бейбарc Джуманиязов, сөзі Мағжан Жұмабаевтікі. Осы әнді студияда жазу үшін Шарапат тобының әншісін Есбол Шанбаевты шақырдық (www.sharapat.com), сонымен қатар Байдана тобының Асқар Тұрмағамбетовты (соло балалайкашыны) гитарист ретінде шақырдық (www.baidana.com).

Альбомды тегін біздің ресми сайттан жүктеуге болады және тек үйде тыңдағанға тегін. Коммерциялық мақсатта қолдану үшін бізге тікелей хабрласыңыз. Жүкету үшін мына сілтемеге басыңыз:

http://aldaspan.com/kz/shop/albums/39.html

Сол парақшаға кіргенде сол жағында тағы download деген сілтемеге басыңыз.
Таратуды өтінеміз! Сіздердің aldaspan тобыңыз!

Күйтабақ туралы қысқа ақпарат:

=================================

АЛЬБОМ: БАЛҚАДИША, 2018 АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН, ALDASPAN

ALDASPAN: НҰРЖАН ТОЙШЫ-ҰРМАЛЫ, МАҚСАТ ХАСАНОВ-СОЛО ЭЛЕКТРО ДОМБЫРА, ШАМШАДДИН ОМАРОВ – БАС ЭЛЕКТРО ДОМБЫРА, АЙСАРБЕК АКИЯШЕВ – РИТМ ЭЛЕКТРО ДОМБЫРА.

СЕССИЯЛЫҚ САЗГЕР: ЕРНАР КАКЕЖАНОВ SHARAPAT ТОБЫ, СИНТЕЗАТОР

“ЕСКЕНДІРДІҢ ЕКІ МҮЙІЗІ” ӘНІН ЖАЗУ ҮШІН ҚАТЫСҚАН ҚОНАҚ САЗГЕРЛЕР : ЕСБОЛ ШАНБАЕВ- SHARAPAT ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ, АСҚАР ТҰРМАҒАМБЕТОВ-ГИТАРА, BAIDANA ТОБЫ.

ӘНДЕР:

1.       ТҮРКІ КҮЛТЕГІН, МЕТАЛ ВЕРСИЯ-(ӘУЕНІ: МАҚСАТ ХАСАНОВ)

2.       БАЛҚАДИША (ӘУЕНІ ЖӘНЕ СӨЗІ: АҚАН СЕРІ)

3.       ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАК (ӘУЕНІ: ІЛЕСБЕК АМАНОВ, СӨЗІ: ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ)

4.       СҮГІРДІҢ ТЕРМЕСІ (ӘУЕНІ ЖӘНЕ СӨЗІ: СҮГІР)

5.       ЖОРҒАТАЙ (ХАЛЫҚ ӘНІ)

6.       ЖАРАПАЗАН (ХАЛЫҚ ӘНІ)

7.       ЕСКЕНДІРДІҢ ЕКІ МҮЙІЗІ, КАВЕР ӘНІ (ӘУЕНІ: БЕЙБАРС ДЖУМАНИЯЗОВ, СӨЗІ: МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ)

8.       НАЛА, РАДИО ВЕРСИЯСЫ (ӘУЕНІ: ШАМШАДДИН ОМАРОВ И БАҚЫТЖАН ЖЕЛДЕРБАЕВ, СӨЗІ:  ЖАН АХМАДИЕВ)

ЖАЗЫЛУЫ: AIMVI PRODUCTION CENTER ЖӘНЕ DALAMEDIA ДЕМЕУІМЕН

ӨҢДЕУІ ЖӘНЕ  МАСТЕРИНГ: ШОҚАН ОРАЗАЕВ ЖӘНЕ НҰРЖАН ТОЙШЫ

АЛҒЫС ИЕЛЕРІ: ЖАН ҚАСТЕЕВ, БЕЙБАРЫС ДЖУМАНИЯЗОВ, WWW.DALATUNES.KZ

АЛЬБОМ ДИЗАЙНЫН ЖАСАҒАН: АЙДАР ЕРҒАЛИ