Жанкүйерлер ұшін

Құпия сөз
Логин

Ерекше алғыс білдіреміз

Біз осы адамдарға ерекше алғыс білдіремз:

1. Кубеков Мұрат.  Алматы, Қазақстан. Осы кісінің арқасында алғашқы жез шекті электродомбыраны қолға ұстап осы жобаның болуына көзім жетіп еді. Менің идеяма қолдау корсеткені үшін мың да бір рахмет аға!

2. Николай Кочубей, Мәскеу, Ресей, Шамрай фирмасы,  осы кезде біз қолданып жүрген електро домбыраларды шығарған үшін, идеяны қолдаған үшін мың рахмет сізге, Николай мырза. www.shamray.ru

3. Избасар Бозаев ағама, г. Алматы, Қазақстан. Осы кісінің арқасында және демеуімен біздің топтың көп мәселелері шешілді: топтас адамдарым осы кісі арқылы келді, топтың дайындалатын орны осы кісінің демеумен болып жатыр, қазақ елінің аты шыққан композиторларға, ақындарға, суретшілерге мәлім болдым. Ол кісілердің қолын алдым аға арқылы. Бұл кісі болмаса топтың қалай болатынына көзім жетпейді. Бұл топ тек менің емес сіздің де жобаңыз. Аллах риза болсын сізге.

4. Байғали Есенәлиев ағама рахмет. Топтың атын Алдаспан деп сіз таптыңыз. Рахмет!

5. Ералы Оспановқа, осы кісінің бес суретін толығымен пайдалануға рұқсат берген үшін мың дабір рахмет!

6. Сағыннбеков Рафикке, баурым, сенің арқаңда шаң қобыз пайда болды бізге. Сол шаңқобыздар алғашқы альбомда үндеп жатқанын умытпа. Рахмет саған!

7. Өз ағама, Қазақстанның азаматына, сыпайлығымен жалынсам да сурансамда атын атауға бой бермеген азамтқа рахмет айтамыз! Осы кісінің демеумен Мәскеуде жүріп альбомды жазған үшін кеткен шығындардың кобісін көтергені үшін Аллах риза болсын деміз, үй ішіңіз аман болсын, амин! Мың да бір рахмет!