Тексты песен » Бозторгай

Бозторғай

слова и музыка : Кенен Әзірбаев


1.  Бозторғай шырылдайсың жерге түспей, 

Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей.

Ат қылып ақ таяқты қолға алып,

Сандалып қой артында азар кешке.

 

припев:

Оу – Бозторғай,

Шырылдайсың шіркін-ай!

Құтылар күн бар ма екен?

Осы қойдан бір күні-ай.

 

2.  Отырсам қой күзетіп таң атпайды,

Жүргенде малды жайып кеш батпайды

Қарайтын қабағыма бір адам жоқ,

Бел шешіп төсегіме бір жатпаймын.

 

припев:

Оу – Бозторғай,

Шырылдайсың шіркін-ай!

Құтылар күн бар ма екен?

Осы қойдан бір күні-ай.