Тексты песен » Балкадиша

Балқадиша 


Қыз едің Ыбырайдың Балқадиша,

Бұралған белің нәзік шіркін ай тал Қадиша.

Сексен қыз серуенге шықсадағы,

Ішінде қара басың шіркін ай хан Қадиша.

                                   Припев

Шіркін ай Хан Қадиша

 

Дегенге Балқадиша Балқадиша

Қаларсың біздің сөзге шіркін ай зар қадиша,

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға шіркін – ай жар Қадиша.

 

                              Припев

Шіркін ай Хан Қадиша 

Жар Қадиша 

Бар қадиша

 

Қыз едің Ыбекеңнің Балқадиша,

Өзенді өрлей біткен шіркін ай тал Қадиша

Бір емес екі жеңгең келіп отыр 

Ұрықсат бізден сізге қарағым бар Қадиша.