Тексты песен » Кара бауыр каскалдак

«Қара бауыр қасқалдақ» 

Әуені: Ілесбек Аманов

Сөзі: Есенғали Раушанов

 Қара бауыр қасқалдақ қайда ұштың пыр пырлап 

 Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап. 

 Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,

 Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт. 

Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды. 

Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы,

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды. 

Өз босағаң - бұл жердің тауы қыры белесі 

Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі.

Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт!