Тексты песен » Ескендірдің екі мүйізі

 Ескендірдің екі мүйізі 

 

Заманында Ескендір 

Жеті әлемді билеген

Асқан алып киелі 

Түссе де отқа күймеген

 

Ескендірдің басында 

Екі мүйіз болыпты 

Екі мүйізді екенін 

Ол жасырып жүріпті.

 

Күндерде бір Ескендір 

Шарап ішті балбырап 

Шашын біраз кесуге 

Шаштаразды алдырды 

 

Айтады оған Ескендір

Қорықпа құлым бері кел

Тұрам десең дүниеде 

Ауызыңа берік бол!

 

 

Шаштараз келіп жайына

Күндер айлар өтеді 

Шаштараздың жүрегін 

Мына сыр бірақ өртеді.

 

Енді сорлы не қылмақ 

Барады жанып іш күйіп 

Бір құдықтың аузына

Жатты келіп еңкейіп

 

Жан жағына қарады,

Күрсініп бір ух деді,

Ескендірдің мүйізі 

Деді ақырын күбірлеп, 

 

Сол арада Сайтандай

Елбелеңдеп жел келді

Ескендірдің мүйізі

Деп жөнелді зымырап.

 

 

 

 

Таң атқанша жүйрік жел 

Жүгіруден талмады,

Ескендірдің мүйізін 

Білмеген жан қалмады.

 

Таң да атты,  жүйрік жел,

Баяулады басылды 

Таң да атты Шаштараз

Дар ағашқа асылды.